2021 жылы 28 мамырда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 2021 жылғы түлектерге арналған жұмыс орындарының «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Кездесуге Петропавл қаласының жетекші кәсіпорындары қатысты: «АЛЬФА СЕВЕР» ЖШС, «ОСНОВАНИЕ» ЖШС, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, «Солтүстік Қазақстан Электр желістік Тарату Компаниясы» АҚ, «ДЖИП» ТҚС, «ВиВаГа-Лада» ЖШС, «ЗЕРТТЕУ СК» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Шиномонтаж Покрышкино» ЖК, «Строй Энерго Групп» ЖШС.
Жәрмеңкенің мақсаты жұмыс берушілер мен жұмысқа мұқтаж түлектердің мүдделерін біріктіру және оларды жұмыспен қамтамасыз ету.